Дискриминация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 14:45, реферат

Краткое описание

Дискриминация - [ лат. Discriminatio - алалау, болектеу ] - нәсілдік, этникалық, жыныстық, жастық және басқа да белгілеріне немесе субмәдени топ мүшесі болғанына қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі. Дискриминацияның психологиялық алғышарты болып өзге топқа жатырқаушылықпен қарау саналады, ал ол жеке тұлға (Т. Адорноның классикалық зерттеулерінде бұл тұлға авторитарлы деп те аталады) дискриминациялық әрекеттерге тікелей қатыспауы да мүмкін.

Содержимое работы - 1 файл

ДИСКРИМИНИЗАЦИЯ.docx

— 26.01 Кб (Скачать файл)

Дискриминация - [ лат. Discriminatio - алалау, болектеу ] - нәсілдік, этникалық, жыныстық, жастық және басқа да белгілеріне немесе субмәдени топ мүшесі болғанына қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі. Дискриминацияның психологиялық алғышарты болып өзге топқа жатырқаушылықпен қарау саналады, ал ол жеке тұлға (Т. Адорноның классикалық зерттеулерінде бұл тұлға авторитарлы деп те аталады) дискриминациялық әрекеттерге тікелей қатыспауы да мүмкін.

  • Дискриминацияның түрлері:
  • сегрегация;
  • геноцид.

Дискриминацияны заңдастыру арнайы идеологияларды (расизмді, сексизмді, эйджизмді, национализмді) ойластыру  арқылы жүзеге асырылады. Бұл идеологиялар философтардың, ғалымдардың, саясаткерлердің  биологиялық, патерналистік, экономикалық мазмұндағы дәлелдердің кәмегімен  ұзақ жылдар бойы құрған еңбегінің жемісі. Үстемдік және алалау идеологияларын құруда мәдени дәйектер аса маңызды рөл атқарады. Алалау идеологияларының міндеті - кемсіту әрекеттерінің қалыптылығын ақтау және құрылымдандыруға жағдай туғызу.

Алалаудың тікелей ("ашық"), жанама және жасырын ("жабық") түрлері  анықталған.

Ашық алалаудың негізінде  нақтылы бір топтардың мүшелеріне қолдау көрсетіп немесе оларға ашықтан-ашық құқай көрсетіп, кемсітеді.

Жанама алалау ресми түрде  тең қатынастар іс жүзінде әртүрлі топтардың өкілдерін кемсіту шаралары болып табылады. Алалаудың жасырын түрінде үстемдік етуші топтардың санасында, мінез-құлқында алалауға ұшыраушыларға қаталдықпен, мойындамаушылықпен стереотипті ойлаудан көрініс табады. Егер алалау осы топқа жататындардың бәріне бірдей таралатын болса, онда ол - категория бойынша дискриминация.

Дискриминация төменгі болып  танылатын саяси және экономикалық тұрғыда үнемі құқай көретін топтарды қалыптастырады. Көптеген батыстық зерттеушілердің пікірінше, дискриминация аса маңызды экономикалық саладағы теңсіздікті зандастыруға бағытталған. Осылайша, И. Валлерстайнның пікірінше, дискриминация - модерн заманында пайда болған әлемдік империяныц негізі, ал расизм мен сексизм - алалаудың тек ғаламдық жүйелері ғана емес, сонымен қатар, әлемдік еңбек бөлінісіндегі құрылымды иерархия болып табылады. Алалауға ұшырайтын топтар (әйелдер, "ақ нәсілге" жатпайтындар өкілдері, ұлттық мемлекет құрамындағы этникалық азшылықтар) үстемдік құрушы топтардың гүлденуіне жағдай туғызады. Дискриминацияны жою әлемдік жүйенің болашағы үшін жаңа идеологияны қалыптастыру және эгалитарлы институционалды және заңнамалық аппаратты қалыптастыру барысында ғана мүмкін болмақ.[

Сегрегация — адамдардың қоғамда әлеуметтік статустарының айырым белгісі бойынша санаттарға бөлінуі; мұндай топтар арасындағы байланыстарға ішінара не толық тыйым салынып, өмірлік қарекет салаларының шектелуі талап етіледі. Мұндай бөліну әлеуметтік нормаларда, жүріс-тұрыс стереотиптерінде, қоғамдық институттарында орнығады, символикамен кодталып, баса көрсетіледі (ерекшелік белгілері, киім, табу, дәстүрлер, жоралар). Қоғам тарихи сегрегацияның әр алуан түрлерінің көп болғанын көрсетеді. Сегрегацияның негізі адамдардың арасында нақты бар, ерекше түрде ұғынылған айырмашылықтар болуы мүмкін: жыныс — жыныстық сегрегация, жас — жасқа қарайғы сегрегация, антропологиялық тип — нәсілдік сегрегация, этностық катыстылық — ұлттық сегрегация. Оған сондай-ақ белгілі бір стратификацияланған топтарға, сословиелерге, касталарға (сословиелік, касталық сегрегация) қатыстылық, діни құпия жораларға қатыстылық негіз болуы мүмкін. Әлеуметтік қауымдастық деңгейінде идеологияда, саясатта, этикетте көрінеді. Тұлғааралық қатынастар деңгейінде сегрегация басқа санаттың адамдарын және өзін-өзі ұғынудағы әлеуметтік ұстанымдар мен стереотиптер түрінде болады. Сегрегация уақытша сипатта болуы мүмкін, мысалы, жасөспірімдердің инициация ғұрыптары кезінде өзінің бұрынғы тобынан ажырап жаңа топқа қосыла қоймаған кезінде олар әлеуметтік статусынан айырылып, қоғамнан тыс қалғандай болды. Бұл мәжбүрлік оқшаулану олардың өмірінде бетбұрыс кезең болып, оның тұлғалық құрылымына әсері болуы мүмкін

Ассимиляция (лат. assimilatio — ұқсасу, сіңісу, сіңу, т.б.) саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде сол халық құрамына біртіндеп сіңіп, жұтылып кету құбылысы.Ассимиляция барысында бір халық өзінен үлкен екінші доминант халыққа сіңіп кетіп, ана тілін, әдет-ғұрпын, дінін, мәдениетін, өзіндік сана-сезімін, т.б. ұлттық ерекшеліктерін жоғалтады. Ассимиляция екі жолмен жүреді: күштеу арқылы немесе табиғи жолмен.Көптеген елдерде ұлттық езгі және діни қысым жағдайында күштеп А. жасау орын алады. Дәл осындай процесс Аустрия империясында, кейін Аустро-Мажарстанда, патшалық Ресейде жүрді. Ол қазір де кейбір елдерде жалғасып отыр. Мыс., Испания, Грекия т.б. Бұрынғы КСРО мен кейбір социалистік елдерде де мұндай процесс орын алды. Қарамағында ұсақ ұлттар бар бірқатар елдерде Ассимиляция табиғи жолмен жүзеге асты.

Әлемнің 44 мемлекетінен тұрақ  тапқан сырттағы қазақтың саны шамамен 5 миллионға жуықтайды. Соның 4 миллионы үш елдің еншісінде. Таратып айтсақ, Қытайда 1,5 миллион, Өзбекстанда 1,5 миллион  және 1 миллионға жуығы Ресейде  шоғырланған. Қалған бөлігі Моңғолияда (130 мың), Түркіменстанда (70 мың), Қырғызстанда (45 мың), Ауғанстан (30 мың) мен Түркияда (25 мың) біршама тығыз және жинақы орналасқан.

Қазақтар қалың шоғырланған  үш мемлекеттің ішінде алдымен ауызға ілігетіні – аспан асты елі. Ресми  дерек көздері Қытайда 1,5 млн. қазақтың бар екенін алға тартады. Бейресми деректерге сүйенсек, ондағы алаштың ұрпағы 2 миллионнан асып жығылады. Негізінде «ирридиент»  ұғымын атамекенінен аттап шықпай-ақ шекара сызылған тұста басқа елдің  аумағында қалып қойған ұлтқа  қатыстырып айтады. Қытай, Өзбекстан, Ресейдегі  қазақтардың дені осы шекара бөлісінің  «құрбандары». Аспан асты еліндегі ағайындардың басым бөлігі қазақтың ежелгі мекені –  Алтай, Іле, Тарбағатай аймағында ерте заманнан тұрады. Демографтардың тілімен айтқанда, олар диаспора өкілдері емес, ирридиенттер.

Тағдыр тәлкегімен Қытайда  қалып қойған қазақтардың қиыншылығы да аз емес. Соңғы жылдары қазақтар ең көп қоныстанған аймақтарда қытайландыру саясаты белсенді жүргізілуде. Мәселен, Алтай аймағына кейінгі бес жылда 40 миллионнан астам қытай қоныстанған. Соның салдарынан Шыңжан мектептерінде  барлық пән қытай тіліне көшірілген.  Қытай үкіметі қазақтарды атажұртына жіберуге құлықты емес. Бес ғасыр  алдағысын ойлайтын қытайлықтар  көрші елде демографиялық дүмпудің өрістеуіне іштей қарсы. «Бір-бірін  жақсы танитын қазақстандықтарды» қалпақпен ұрып алатындай әлеуетіне  сене ме, әйтеуір біртіндеп ханзу  жұртының өкілдері бос кеңістікті игеруді  жүзеге асыра бастағандай.

Дипломатия тілінде қытай-қазақ  қарым-қатынасы жоғары деңгейге көтерілді  десек те, әлі күнге дейін екі  ел арасында көші-қон келісімі жоқ. Арғы беттегі ағайындардың жаппай қоныс  аударуына қолбайлау болып отырған  басты мәселе осы. Қытайдағы қазақтардың  жылдық өсімі 26 мың адамды құрайды. Орташа есеппен алғанда бұл – 5000 отбасы деген сөз. Ал аспан асты елінен келетін бауырларымызға бөлінетін  квота 1000 отбасыдан асып көрген емес. Қысқасы, бір жылдағы қазақтың өсімін де қабылдай алмай отырмыз. Он алты жылдың ішінде аз келгені де Алтайдың ар жағындағы ағайындар. Сол себепті  Қытайдағы қазақтардың түйінді  мәселесін мемлекеттік деңгейде тарқататын уақыт әлдеқашан келді.

Орта Азиядағы халқы ең көп ел – Өзбекстан. Халқының саны 25 миллионнан асып жығылады. Өзбектер барша халықтың 85 пайызын құраса, тәжік пен қазақтың да басқалардан  бәсі жоғары. Сондай-ақ, республикада қарақалпақ, орыс, кәріс сияқты 100-ден астам  ұлт бар. Алайда ұлттық намысты бәрінен  биік қоятын өзбектер басқаның көңіліне қарап жалтақтаған емес. Олар да жаппай өзбектендіру саясатын жүргізіп келеді. Саясаттың салқынынан республикадағы миллионнан астам қазақтар да тыс  қалып жатқан жоқ. Мәселен, өткен  ғасырдың 90-жылдары Өзбекстанда  таза қазақ тілінде білім беретін 1500 мектеп болса, қазір олардың саны 500-ге де жетпейді. Өзбекстандағы қазақтар атажұртқа үдере көшіп жатыр дегеннің өзінде де,  көш-керуеннің салмақтысы әлі алда.

Өзбекстандық қазақтардың  да проблемасы бір басына жетерлік. Қазақ тілінде білім беретін  мектептер үш есеге қысқарған. Бір  ғана мысал, Науаи облысы –  қазақтардың  ең көп шоғырланған аймағы. Тамды, Үшқұдық аудандарындағы халықтың басым  бөлігін қазақтар құрайды. Соған  қарамастан ана тіліндегі білім  ошақтары күн санап кеміп жатыр. Неге? Себебі соңғы кезде қазақ  мектептерінде өзбек тіліне баса мән берілуде. Қазақ тілі қысқарып, керісінше мемлекеттік тілді, яғни өзбек тілін оқыту сағаты күрт көбейген. Бұған қоса Өзбекстанның латын әліпбиіне көшкені де жығылғанға жұдырық болып тұр. Күнделікті шығып  жатқан басылымдардың латын әрпінде  шығуын былай қойғанда, кириллицаны  танымайтын буын өсіп келеді. Енді 5-10 жылда  өзбекстандық қазақтар рухани тұтастықтан  мүлде алыстап кетуі мүмкін. Өзбекстанда  өзбек мектептеріне қоса, іс-қағаздары  латын әліпбиінде жүргізіледі. Қазақ  және өзге ұлт мектептері кириллицаны  әлі пайдаланады. Әйтсе де, жоғары оқу орындарына тапсырылатын тест тек  латын әліпбиімен жүзеге асады. Бұл  қазақ балаларын өзбек сыныптарында білім алуға мәжбүр етіп отыр. Мұның  соңы қазақ мектептерінің күн  санап жойылуына алып келері анық. Осы мәселелер мемлекетаралық келіссөздер  негізінде шешілмесе, Өзбекстандағы  қазақтың алдыңғы ұрпақ тәрізді  «сіңісіп кетуі» де ықтимал.

 

Қазақ диаспорасы қалың шоғырланған  үшінші мемлекет – Ресей. Яғни Ресей  патшасы отарлаған Астрахань, Самара, Омбы, Түмен, Томск, Саратов, Орынбор  өңірінде миллионға жуық қазақ түтін  түтетіп отыр. Олардың еш жерден ауып бармаған, ирридиенттер екенін жинақы орналасуынан-ақ байқауға болады. Бұған  қоса Омбыдағы 100 мың қазақ қоныс  тепкен аймақта әлі күнге дейін  орыстанбаған, тұнып тұрған қазақы атаулардан аттап жүре алмайсыз. Қалың  орыстың ортасындағы омбылық  бауырлардың ұлтжанды тірлігі көңіл жұбатады. Әттеген-айы, теріскейдегі көршіміздің аумағында бірде-бір қазақ мектебі жоқ. Ал біздегі орыс мектептерінің санынан «сүрінесің». Миллионға жуық қазақтың мүддесімен Ресей санасқысы келмейді. Екі елдің сенімді әріптестігін дәлелдейтін қаншама келісімге қол қойылды десеңші. Бірақ сол құжаттарда қазақтың мүддесі ескерілмегені қарын аштырады.

Ресейдегі қандастарды алаңдатып  отырған мәселе – жастардың қазақ  тіліне шорқақтығы. Бүгінде ресейлік ағайындардың арасында ана тілін  ересектер жағы болмаса, жастар мүлде  білмейді. Тіпті өскелең ұрпақты  тіл мәселесі аса мазаламайды. Ересектердің көзі кетсе, Ресейде ана тілінен  бейхабар ұрпақтың дәуірі басталмақ. Ендеше, қалың шоғырланғанына қарамастан ассимиляция  «құрсауына» ресейлік қазақтар түсіп  кетпесіне кім кепіл?!

Осы жерде назар аударарлық бір мәселе, отандастардың ішінде 40-тан жоғары жастағылар ғана қазақ  тілін біледі екен. Бұдан аңғаратынымыз, кейінгі жас буын ана тілінен  мүлде бейхабар өсіп келеді. Демек  шетелдегі қандастарымыз болашақта  өзінің ұлттық ерекшелігін, ана тілі мен мәдениетін қалтқысыз сақтаған күйінде өмір сүре ме, әлде сол жергілікті жердің халқымен араласып, ассимилияцияға ұшырап, жойылып кете ме деген үрей де жоқ емес.

Басқаларынан Моңғолиядағы қазақтардың көші ілгері. Жалпы 18 аймаққа  бөлінетін Моңғолияның екі аймағында  қазақтар басым. Әсіресе, қалың қазақ  қоныстанған Баян-Өлгейде Қазақстанның күшімен салынған театр, мұғалімдер дайындайтын училище (кейін Шығыс  Қазақстан университетінің филиалы  ашылды) бар. Бүгінде екі жақты  пікір туғызып тұрған мәселе де осыған келіп тірелуде. Бірінің пікірі қалың  қазақ шоғырланып, мәдениеті мен  тілін сақтап отырған аймақтарды жаппай көшірудің қажеті не дегенге  саяды. Керісінше, олардың көкейінде  «соғыс астында қалған, жаппай ассимиляцияға  түсу қаупі төнген елдердегі отандастарды дереу жинап әкелу керек» деген  ой басым. Алайда, атажұртқа көшкісі  келген ағайынды «Тұра тұрыңдар, сендерде қазақша мектеп бар, мәдениет орны бар», деп кеудеге итеру де ақылға сыйымсыз. Әлемде шашырап жүрген 5 миллион қазақтың 4 миллионға жуығының жоғарыда аталған үш-ақ елде қоныстанғанын ескерсек, ондай саясатты мүлде санадан сызу керек.Демографиялық саясаттың оңтайлы шешілуі де, қыл үстінде тұрған тіл тағдыры да осы жаппай қоныстандырудың арқасында жүзеге аспаса, басқа уақытта қозғала қоюы неғайбыл. Бейресми ақпараттар отандастардың 80 пайызының жастар, оның ішінде еңбекке жарамдысы 50 пайызды құрайтынын алға тартады. 1991 жылдан күні бүгінге дейін 651 мың 299 адамның туған топыраққа табаны тиген. Бүгінде олар елдің демографиялық, экономикалық өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жатыр.

Геноцид - [грек,genos- тек, тайпа және лат.caedo- өлтіру] - халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді. Мынадай әрекеттер геноцид болып есептеледі: осында топ мүшелерін өлтіру; оларға ауыр дене зақымын келтіріп, жүйкесін бұзуы; 3) оның тұтастай немесе бір бөлігінің құрып кету қаупін туғызатын жағдайлар туғызу; 4) осындай топтың ішінде бала тууды болдырмауға бағытталған шаралар; 5) бір топтың балаларын зорлықпен тартып алып, басқа топқа беру. Геноцидтің өзімен қатар, оны ұйымдастыруды мақсат түту қастандығы, геноцидті ұйымдастыруға тікелей және жариялы түрде арандатушылық, геноцидке бірге қатысу да жазаланады.

Халықаралық құқық геноцидке  ұшыратқан мемлекетті саяси жауапкершілікке, ал оны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысқан адамдарды қылмыстық  жауапкершілікке тартады. ұлттық, этникалық, діни топтарды түгелдей немесе бір  бөлігін жойып жіберуге тырысып, геноцидке ұшыратқан көптеген қылмыстардың беті ашылғаны белгілі. Мемлекеттік  мәселелерді шешуде геноцидті қолдану  көп жағдайларда аумақтық басқыншылық  және езілген халықтарды басқа елдің  шекарасында күшпен ұстаумен байланысты. Геноцидтілік езіліп-жаншылған христиан халықтарын - гректерді, болгарларды, сербтерді, румындарды, армяндарды және т.б. жүйелі түрде қырғынға ұшыратып отырған Оттоман империясына тән болды. 1876-1923 жылдардағы армяндарды геноцидке ұшырату салдарынан 1,5 млн. армян қырылған. Бүл езілген халықтардың аумағын тартып алу мақсатында жүргізілген геноцидтің классикалық мысалы болып табылады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және саяси долбарлармен антисемиттік нәсілдік пиғылға оранған фашистік Германияның өзінің және басып алынған жерлердің аумағынан еврейлерді жаппай қырғынға ұшыратуы геноцидтің айқын мысалы бола алады.

Халықаралық құқық геноцидке  ұшыратқан мемлекетті саяси жауапкершілікке, ал оны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысқан адамдарды қылмыстық  жауапкершілікке тартады. ұлттық, этникалық, діни топтарды түгелдей немесе бір  бөлігін жойып жіберуге тырысып, геноцидке ұшыратқан көптеген қылмыстардың беті ашылғаны белгілі. Мемлекеттік  мәселелерді шешуде геноцидті қолдану  көп жағдайларда аумақтық басқыншылық  және езілген халықтарды басқа елдің  шекарасында күшпен ұстаумен байланысты. Геноцидтілік езіліп-жаншылған христиан халықтарын - гректерді, болгарларды, сербтерді, румындарды, армяндарды және т.б. жүйелі түрде қырғынға ұшыратып отырған  Оттоман империясына тән болды. 1876-1923 жылдардағы армяндарды геноцидке  ұшырату салдарынан 1,5 млн. армян  қырылған. Бүл езілген халықтардың  аумағын тартып алу мақсатында жүргізілген  геноцидтің классикалық мысалы болып  табылады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және саяси долбарлармен антисемиттік нәсілдік пиғылға оранған фашистік Германияның өзінің және басып алынған  жерлердің аумағынан еврейлерді жаппай қырғынға ұшыратуы геноцидтің айқын мысалы бола алады.

 

 

 

 

 

Фашизм - [ лат. fascismo, fascio - диктаторлық  шыбық будасы, билік белгісі ] - 1919 жылы Италияда пайда болған саяси  ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін  социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм  аталуы.

[өңдеу]

Фашизмге тән белгілер

 

билікті сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің күшеюі,

Информация о работе Дискриминация