Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 14:37, реферат
Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады. Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көпҒылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис – «шебер адам» (презинджантроп) болып есептелінеді. Оның сүйек қалдықтары далбарлап жасалған шапқы құралдармен (чопперлермен) бірге 1959-1963 жылдары Олдувэй шатқалынан (Шығыс Африка - Кения) табылды.
Кіріспе..........................................................................................................3
І. Казак жерiндегi алгашкы кауымдык курылыс......................................6
Тас гасыры..............................................................................................10
ІІ. Казакстан жерiндегi кола гасыры..................................................17
2.1 Темiр дауiрi ...........................................................................................21
2.2 Сак тайпасы............................................................................................27
Қорытынды………………………………………………………………...29
Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………..31
Шаруашылығы. Сақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының 3 түрі болды:көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды.
қыстық және жаздық қоныстарды қажет ететін жартылай көшпелі мал шаруашылығы — Алтай, Тянь-Шань тауларында, Жетісу, Шығыс Қазақстанда көп тарады.
отырықшы мал шаруашылығы (жартылай егіншілікпен айналысқан). Шаруашылықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Келес, Шу өзендерінің аңғарында дамыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте көп өсірді, ал ірі қара (сиыр) саны аз болды.
Сақтардың өнері мен саудасы. Сақтарда кейіннен қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер, қанжар т. б. жасаған.Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т. б. металдарды көп пайдаланған. Сонымен қатар теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.
Сақ тайпалары Сібір, Еуропа, Алтай және Шығыс елдерімен байланыс жасады. Сауда Жібек жолы және б. з. б. 1 мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.
Сақ жауынгерлері. Патшалар жауынгерлер тобынан шықты.Сақ жауынгерлерінің ерлігі туралы көптеген деректі әңгімелер бар.
Сақтар б. з. б. 519–518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады.
Сақтың әйел патшасы Томирис парсы патшасы Кирдің әскерін жеңген. Томирис адам қаны толтырылған меске Кирдің басын салып тұрып: «Аңсағаның қан болса, ал енді іш!» — деп айтады.
Б. з. б. IV ғ. Александр Македонскийдің Орта Азия жеріне жорығы басталды. Ол б. з. б. 330–327 жылдары Сырдарияның сол жағындағы өңірлерді түгелге жуық басып алып, Шеткі Александрия қаласына салады.
Александр Македонский шығысты жаулап алады, бірақ Сырдарияның оң жағындағы сақтардан жеңіледі.
Мәдениеті. Б. з. б. VII ғ. Батыс Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігіндегі далалы аймақтар өнерінде аңдық стиль пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдар мен аңыздардағы құбыжықтарды суреттеу еді. Мұндай бейнелермен қола қазандар, әр түрлі құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.
«Аңдық стиль» өнері оңтүстік дәстүрінің ықпалымен қалыптасты. Онымен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады.Еуразия көшпелілері дамудың ұзақ жолынан өтті. Олардың бай фольклоры болды. Мифология – әлем, оның құрылымы туралы күрделі түсінік болып табылады.
Сақтар табиғат күштері – күнге, желге, күннің күркіреуіне, найзағайға табынды. Бұларды құдайдың ісі деп санады. Сақтардың түсінігі бойынша, құдай әр түрлі жануарлар бейнесінде өмір сүрді.
Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Шырыққабат – апасиактардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбеде орналасқан .
Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бабыш молда қаласы.
Алматы облысындағы Есік қорғаны – б. з. б. VIII-IIIғғ. сақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әрі абыз адам жерленген. Ол алтын адам деп аталған.
Алтын адам.
Алтын киімді сақ жауынгерін 1969 жылы Жетісу жерінде, Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. «Алтын адам» зерттеушілердің пікірі бойынша б. з. б. VII-III ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17–18-де, бойы шамасында болған. Сақ көсемі мүрдесінің басы батысқа қаратылып жатқызылыпты. Есік қорғанындағы екі қорымның біреуі ертеректе тоналған екен, ал екіншісі аман қалған.
Қорытынды.
Ежелгі Қазақстан жөнінде ең
көп хабар жинақтаған антик (көне грек)
авторларының шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын
тілдеріндегі деректердің ішіне
Сақтардан солтүстікке қарай
орналасқан сайримдер туралы Геродоттан
барынша толығырақ деректер алуға болады.
Геродот: "Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында",
— дей келе, Доннан Еділге дейінгі аралықты
меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-
Геродот
Пайдаланған әдебиеттер
1.Чапай Мусин. Қазақстан
тарих
2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
4.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан, 119-146- беттер. 5.Абусейтова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.
6.Левшин А.И. Описание киргиз-казачъих, или киргиз-кайсацких орд и степей. А., 1996