Кәсіпорын капиталын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 13:59, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорын айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріпте отырады. Әрбір нақты кәсіпорында капиталын шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаттаты күрделігіне, өндіріс кезеңінін ұзақтығына оларды жеткізу жағдайы және т. б. байланысты болады. Кәсіпорында айналым капиталын қажеттілігін анықтау және олардың қалыптасу көздерін табу айналым капиталын басқару болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
І - бөлім. «Кәсіпорынның айналым капиталын басқарудың теориялық-
методологиялық негіздері»
1.1. Айналым капиталының мәні және құрылымы..............................4
1.2. Қажетті айналым қаражаттарын анықтау......................................7
1.3. Айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері..............9
ІІ – бөлім. «Кәсіпорынның айналым капиталын басқару тиімділігіне
қаржылық талдау жүргізу»(«Мөлдір су» ЖШС мысалында)
2.1.Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау………..15
2.2. ЖШС «Мөлдір су» капиталын басқарудың жалпы
қаржылық жағдайы.......................................................................23
2.3. Кәсіпорынның айналым басқару тиімділігін көтеру
жолдарын дамыту .........................................................................29
Қорытынды........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер............................................................................... .35
Қосымша.............................................................................................................37

Содержимое работы - 1 файл

кәсіпорын капиталын басқару.doc

— 230.00 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны.

 

     Кіріспе.....................................................................................................................3

 

      І  - бөлім. «Кәсіпорынның айналым капиталын басқарудың теориялық-            

    методологиялық негіздері»

     1.1. Айналым капиталының мәні және құрылымы..............................4

     1.2. Қажетті айналым қаражаттарын анықтау......................................7

     1.3. Айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері..............9

    

  ІІ – бөлім. «Кәсіпорынның айналым капиталын басқару тиімділігіне                                  

               қаржылық  талдау жүргізу»(«Мөлдір су» ЖШС мысалында) 

     2.1.Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау………..15

      2.2. ЖШС «Мөлдір су» капиталын басқарудың жалпы

             қаржылық жағдайы.......................................................................23

      2.3. Кәсіпорынның айналым басқару тиімділігін көтеру

             жолдарын дамыту .........................................................................29

    

      Қорытынды........................................................................................................33

     Қолданылған әдебиеттер............................................................................... .35

      Қосымша.............................................................................................................37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           Кіріспе. 

       Кәсіпорынның  іс-әрекеттерін  қамтамасыз  етудегі  міндетті  шарт – қолда бар айналым  қаражаттарының  болуы, яғни капиталдың болуы.

      Капитал – бұл  даму  үрдісімен  тығыз байланысты  ұғым  және  айналымда  оған  ұқсайтын   құбылыс  болмайды. Бұл  ұғым  өзінің  бойына тек дамумен ғана байланыстыратын экономикалық  қырын сіңірген.

      Кәсіпорын  айналым  капиталының  құрылымы  тұрақсыз және  көптеген  себептердің  ықпалымен  өзгеріпте   отырады. Әрбір  нақты  кәсіпорында  капиталын шамасы, олардың  құрамы  мен  құрылымы  өндірістік  сипаттаты  күрделігіне, өндіріс кезеңінін ұзақтығына  оларды  жеткізу жағдайы және т. б. байланысты  болады. Кәсіпорында айналым капиталын қажеттілігін  анықтау және  олардың   қалыптасу көздерін табу  айналым  капиталын   басқару болып  табылады. Материалдық  өндіріс  саласында қызмет  ететін  капитал  өнеркәсіп  деп  аталды  немесе  ауыл  шаруашылығына  бөлінген ақша   өндіріс  объектісін    салуға,  сатып алуға  қажетті  шикізатпен  материалдарға  жұмсалады.

 Менің  курстық жұмысымның тақырыбы: «Кәсіпорын капиталын басқару»

Курстық жұмысымның мақсаты: Кәсіпорын капиталын басқару барысында,

«Мөлдір су»  ЖШС мысалында талдау.

Курстық жұмысымның құрылымы: Бірінші, екінші бөлімнен және қорытынды мен қосымшадан тұрады.

 Бірінші бөлімінде: Кәсіпорын капиталын басқарудың теориялық-методоло-

 гиялықлық  негіздері және капиталдың құрылымы  сипатталады. 

 Екінші бөлімінде: «Мөлдір су» ЖШС-ның капиталды басқарудағы қаржылық

 жағдайына талдау  жүргізіледі.

 Талдаған  курстық жұмысымның міндеттері:  

- Қажетті айналым капиталын анықтау;

- Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау;

- Кәсіпорын капиталының көтеру жолдарын дамыту;

Мен курстық  жұмысымда осыларды талқылаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І – бөлім. Кәсіпорынның айналым капиталын басқарудың теориялық-методологиялық негіздері.

1.1. Айналым  капиталының мәні және құрылымы.

Айналым капиталы (айналым құралдары) – бұл кәсіпорынның активтері, ағымдағы қызметтің қамтамасыз етуімен жиі анықталып отыратын және айналым ұзақтығы кем дегенде бір жыл немесе бір өндірістік цикл болатын салымдар.

“Капитал” термині  отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде бірнеше реткездескен. Капитал негізінен  келесі салаларда кеңірек қолданылды делінеді: біріншіден – бухгалтерлер арасында, екіншіден – экономистер арасында.

Бірінші саладағы қолданылатын капитал – бұл кәсіпорынның жеке меншігінде, яғни баланста акционерлік  капитал, эмиссиялық кіріс және бөлінбеген пайда түрінде көрсетілетін капиталды  айтады. Капитал үлесі фирманың өзіндік  құны және олардың үшінші жақтың алдындағы (кредиторлар, мемлекет, жеке жұмысшылар және т.б.) берешек айырмасын айтады. Есепте қандай бағалардың қолданылуына байланысты (есептік немесе нарықтық) капитал үлесі (мөлшері) де әр түрлі болуы мүмкін. Екінші салада қолданылатын “капитал” түсінігін кәсіпорынның материалдық активтері (негізгі құралдар,түгендеу және т.б.) ұғынылады.

Осы екі саладағы капитал ұзақ мерзімді қаражат көздері  немесе “капитал” термині қаржыландыру көздері сияқты активтерге де қолданылуы мүмкін. Соңғы жағдайды ескере келе “пассивті капитал” жайында, яғни оны меншікті және тартылған (заемдық), сонымен қатар “активті капитал” жайында, оны негізгі капитал (ұзақ мерзімді активтер, аяқталмаған құрылысты қоса) және айналым капиталы (мұнда барлық қалған айналым құралдары жатады) деп бөледі.

 

 

Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі  міндетті шарт – қолда бар айналым  қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Айналым қаражаттары –  бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жинтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы  олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелердің біріболып табылады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағаны білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражаттарының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарды айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.

Кәсіпорындарда  айналым қаражатының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен  өзгеріп отырады. Әрбір нақты  кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

 

 

 

 

 

Түрлі салаларда  айналым қорларының үлес салмағы  кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс  кәсіпорындарында жеңіл өндіріс  кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т.б.

Өндіріс тиімділігін  арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы матариалдар, тез тозатын  аспаптар және басқа да еңбек заттары  кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.

Өндірістің  нәтижелілігін арттыру жөніндегі  шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың  өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға  кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.

Осы бөлімде  капиталға жалпы түсініктеме  беріліп өтті, сонымен қатар құрамы мен құрылымы ашылып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        1.2. Қажетті айналым қаражаттарын анықтау.

Айналым капиталын  тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркелісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.

Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т.б. шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.

Тауар өткізу, қоймадағы  дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі  иәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы  төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржаларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.

Әуелі кәсіпорын  құрылғанда айналым қаражаттары  жарғылық қордың бір бөлігі ретінде  қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді  өндіруге байланысты өндірістік босалқы  қоларды сатып алу үшін жұмсалады.

 

 Дайын өнім  қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждықтың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырысудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды - орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.

Өндірістік  бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.    

Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді  пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.

Орнықты пассивке жататындар:

   - жалақы  жөнінде ең аз ауыспалы берешек  және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы  қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;

   - ақы  төлеудің мерзім ішіндегі келіп  түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің  және акцептелген есеп айырысу  құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;

   - аванс  және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;

   - салықтардың  бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке  берешегі.

Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне  пайда есебінен құрылған арнаулы  қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.

Осы бөлімде қор қайтарымдылығының өсу факторлары және қалыптасу көздері  қарастырылды.

 

 

                  1.3. Айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері.

   Айналым  құралдарын қолданудың экономикалық  тиімділігі корпорацияның өз  қызметін жүзеге асырудың пайдалы нәтижесінде көрініс табады. Ол айналым көрсеткіштерімен анықталады.

   Айналым  құралдарының тиімділігі экономикалық  көрсеткіштер жүйесімен бейнеленеді. 

   Айналым құралдарының  айналымдығы деп  айналым құралдарының  ақшалай формада өндірістік қорларға айналғанша және дайын өнім болып шыққан және өткізілген уақытқа дейінгі құралдардың толық бір айналымы (шеңбері) түсіндіріледі.

   Құралдардың айналымдылығы корпорацияның есебінен пайда түсуімен байланысты.

   Айналым құралдарының  айналымдығы өзара байланысты көрсеткіштермен бейнеленеді: бір айналымның ұзақтығы – күнмен, белгілі бір кезеңдегі айналымдар саны – жыл, жарты жыл, кварталмен (айналымдылық коэффициенті), өндірістен алған айналым құралдары (тиеп жіберу коэффициенті).

    Айналым құралдарының  бір айналымның ұзақтығы күнге (О) есептеледі және келесі формулада көрініс табады.

О = С : Т/Д

Мұндағы, С - айналым құралдарының қалдығы (орташа немесе белгілі бір датаға);

                  Т – тауар өнімінің көлемі;

   Д – қарастырылып отырған кезеңдегі күндер саны;

   Бір айналымның  ұзақтығының қысқаруы (азаюы) айналым  құралдарын қолданудың жақсарғанын  көрсетеді. 

   Белгілі  бір кезеңдегі айналымның саны, немесе айналым құралдарының  айналым коэффициенті (Ко) келесі  формуламен есепте

                                            Ко = Т/С

   Мысал.  Бір жылда өткізу көлемі 10000 мың  теңгені, ал айналым капиталы 2000 мың теңгені (Ко) = 5(10000:2000) құрады. Яғни, айналым құралдарының әрбір  теңгесі тауар өнімінің 5 теңгеден  өткізіліп отырғанын немесе айналым құралдарының барлық сомасы бір жылда 5 айналым жасағанын көріп отырмыз.

    Айналым  коэффициентінің (Ко) кері мөлшері  тұрақтану коэффициенті деп аталады. (Ко = 2000: 10000) = 0,2. Бұл көрсеткіш қор  сыйымдылық көрсеткішіне бір  типті болып келеді. Ол айналым құралдарын 1 теңгеге қанша өткізілуін көрсетеді.

Информация о работе Кәсіпорын капиталын басқару