Аржы және инфляция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:20, реферат

Краткое описание

Инфляция – бұл көп факторлы құбылыс және ол - тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпылай және әркелкі өсуі түрінде байқалатын ақшаның құнсыздануы.
Ақшаның құнысыздануы келесі факторлардың әсерінен қалыптасады:
• Ақшаның айналымға артық көлемде шығарылуы
• Тиімсіз төлем балансы
• Үкіметке деген сенімсіздіктің қалыптасуы
Толығымен алғанда инфляцияның себептеріне экономикадағы дағдарыстық жағдайлар, жалпы қоғамдық өндірістің тиімділік деңгейінің төмендігі жатады.
Инфляцияның негізгі себептерін айқын түсіну үшін инфляцияның шартты түрде "сұраныс инфляциясы” және "шығындар инфляциясы” деп аталатын өзара байланысты екі типін қарастыруға болады.

Содержание работы

1. Инфляцияның себептері мен салдарлары
2. Инфляцияның қаржымен байланысы
3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты

Содержимое работы - 1 файл

финансы и кридит.docx

— 22.72 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министірлігі

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Қаржы және инфляция

 

 

Тексерген: Омарова А.Ж.

Тапсырған: Габбасов Д.

 

 

 

 

 

 

 

Петропавл қаласы 2012 жыл

Жоспар

1. Инфляцияның себептері  мен салдарлары 

2. Инфляцияның қаржымен  байланысы

3. Мемлекеттің инфляцияға  қарсы саясаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Инфляцияның  себептері мен салдарлары

Инфляция – бұл көп факторлы құбылыс және ол - тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпылай және әркелкі өсуі түрінде байқалатын ақшаның құнсыздануы.

Ақшаның құнысыздануы келесі факторлардың әсерінен қалыптасады:

• Ақшаның айналымға артық көлемде шығарылуы

• Тиімсіз төлем балансы

• Үкіметке деген сенімсіздіктің қалыптасуы

Толығымен алғанда инфляцияның  себептеріне экономикадағы дағдарыстық жағдайлар, жалпы қоғамдық өндірістің тиімділік деңгейінің төмендігі жатады.

Инфляцияның негізгі себептерін айқын түсіну үшін инфляцияның шартты түрде "сұраныс инфляциясы” және "шығындар инфляциясы” деп аталатын өзара байланысты екі типін қарастыруға болады.

Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан көп болған жағдайда қалыптасады (ақшаның көп мөлшері аз тауардыға жұмсаллуға бағытталып, мемлекеттің, кәсіпорындардың және өндірістің шығындары көбейеді). Мұндай жағдайлар көптеген құбылыстарға байланысты қалыптасады. Мысалы,

 а) Егер сұраныс артып және экономика толық қанды қуаттылықпен жұмыс жасап, тауарлар мен қызметтердің көлемін арттыруға мүмкін болмаған жағдайда

 б) Егер мемлекет тарапынан кәсіпорындарға субсидия беріліп, бірақ, олар қайтарылмаған жағдайда (мысалы, ауыл шаруашылығы саласы)

 в) әскери салағы  бөлінетін шығындар көбейген жағдайда.

 г) сұраныс инфляциясы – тауарлар мен қызметтердің көлемдерінің айналымына сәйкес кездейсоқ айналымның заңды нәтижесіне байланысты .

 Аталған және басқада  мүмкін себептер жиі орын алған кезеңде қоғамдағы инфляцияға қарсы шаралар шиеленесіп, инфляция туындайды.

 Осыған сәйкес сұраныс  инфляциясы немесе тұтыну инфляциясы тауар мен қызметке деген сұраныстың артып, заңды және жеке тұлғаларда ақша массасының артқан жағдайында және өндіріс көлемінің кеміген жағдайын сипаттайды.

Шығындар инфляциясы өндіріс шығындарының шексіз артуына байланысты қалыптасады. Өндіріс шығындары номиналды еңбкақы шығындарының, энергияға шикізаттарға, және т.б. өндіріс құралдарына бағаның артуын сипаттайды. Шығындар артқанда кәсіпорын келесі шараларды жүзеге асырады:

1) Өз өнімдеріне бағаны  дұрыс қою

2) Тиімсіз, пайдасыз өндірісті кеміту немесе тоқтату.

Кәсіпорынның шығындарының артуына шығындардың тізбек тәрізді біртінден көбеюі әсер етеді. Айталық, энергетиктерде еңбек ақының артуы отын-энергия өндірісінедегі шығындардың артуына және энергияға деген бағаның артуына әкелетін болса, одан кейін тізбек бойынша – телефондық байланыс қызметіне баға, метрода жүру бағасы, нан өнімдері өндірісінде бағаның артуына және т.б. жағдайларға әкеледі. Осыған сәйкес еңбек ақы мен бағаның инфляциялық тізбегі деген құбылыс қоғамға кері әсерін тиігізеді.

Осыған сәйкес, шығындар инляциясы немесе өндірушілер инфляциясы шаруашлық субъектлердің еңбек ақы шығындарының артуына, несие бойынша пайыз мөлшерлемелерінің артуымен,тұтынылатын шикізатпен материалдарға бағаның артуымен, қызметтерге тарифтердің артуымен сипатталады. (тасымадау, электроэнергияға, ақпаратқажәне т.б.)

Нақты экономикалық өмірде инфляцияның типтері инфляцияның типтері, бір-бірімен өзара байланыса, толықтыра отырып, инфляциялық тізбекті құрайды яғни бағаның артуына сәйкес, өндіріс пен еңбек саласында шығарылған өнімнің артуы өнімнің құнының артуына әкелетін болса, осының нәтижесінде экономиканың біріккен салаларында материалдық шығындардың артуы орын алады

 Инфляцияның негізгі салдарлары ретінде келесі 2 жағдайды атап өтуге болады. Біріншіден, қоғамда келесі тұлғалар арасында өз пайдасына табыстардың бөлістіруінің артуы

 А) кәсіпорындар-монополистер 

 Б) қаржылық құрылымдар (ақшаның жиі өзгеруін өз пайдасына пайдаланатындар)

 В) жабық экономика 

 Г) жеке салалар мен тұлғалар арасында (мысалы, фирма жекшілернің өздеріне қалаған еңбек қаы көлемдерін бекітуі). Осығна сәйкес ең көп жоғалтатын қаржыландыру кірісін иеленушілер болып табылады (зейнеткерлер, студенттер, бюджет аясындағы қызметкерлер және т.б.)

 Екіншіден, күшті инфляция жағдайында қалыпты әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бұзылады. Ақшалар құнсызданып, өз қызметтерін атқаруын баяулатады, осының нәтижесінде өндірістіңұйымдастырылуы тиімсіз болып, банкроттық, депрессиялық жағдай, қоғамық саяси дағдарыстқ қалыптасуы және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Инфляцияның  қаржымен байланысы

Инфляцияның туындауы қаржы мәселесіне жатқызуға болады, себебі, инфляция мынадай қаржылық мәселелерге тәуелді болады:

1) Белгілі салық нормалары мен әдістердің қолданылуы

2) Мемлекеттік шығыстардың өсуі

3) Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу әдістері

4) Мемлекеттік қарыздардың көлемінің артуы

 Қаржылық жүйенің толық  жүзеге асырылуын ақша айналымының жағдайымен және ақша қатынастарының әсерімен жүзеге асыруға болады Мемлекеттік қаржы аясында қаржылық қатынастардың ерекшелігі, инфляцияның туындауына әсер етуінде болып табылады. Себебі, қаржылық дағдарыс мемлекетік шығындардың артуына әкеледі. Қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық үрдіске әсер етуші ретінде орын алса, инфляцияда қаржылық қатынастарға өз әсерін тиігізеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің таза кірістерін көбейтудің қажеттігіне, салық ауырпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне әкеледі. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені, салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейінгі белгілі бір уақыт өткеннен кейін түседі, сондықтанда мемлекет оны алғанша құны төмендейді. Осыған ұқсас мемлекеттік қарыздың мәселелері шиеленіседі өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылғын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады. Сондықтан да мемлекеттік қарыздың өсуі орын алады. Инфляцияны өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші қолданылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметінің белгілі бір жиынтығын сатып алу бағасы мен базалық кезеңінің бағасы арасындағы арақатынасы анықталады.

 

 

 

 

 

3. Мемлекеттің  инфляцияға қарсы саясаты

Сұраныс инфляциясын жою мемлекеттің фискалық және ақша-несие саясатының салыстырмалы макроэкономикалық әдістері арқылы жүзеге асырылады.Инфляция жағдайында мемлекеттің атқаратын шараларының екі жағы бар :

1) Бейімделу (адаптациялық) саясаттың жүргізілуі немесе инфляцияға бейімделу. Бұл жағдайда табыстардың, еңбекақыны, пайыз мөлшерлемелері және инвестицияның индекстеу бойынша шаралар жүзеге асырылады; фирмалар қысқа мерзімді жобаларды жүзеге асырып, жеке тұлғалар кірістердің қосалқы көздерін анықтайды

2) Инфляцияны төмендету бойынша инфляцияға қарсы шараларды ұйымдастыру

 Инфляцияға қарсы саясат ақша ұсынымын төмендету бойынша бірнеше әдістерді жүзеге асырады:

- Орталық Банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту

- Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін азайту мақсатында орталықтандырылған несие қайта қаржыландрудың есептік мөлшерлемесін азайту

- Несие мултипликаторын қысқарту және коммерциялық банктердің несие экпансиясын шектеу үшін Орталық банктің резервтік талаптарын арттыру

- Сондай мақсаттарда орталқ банктің несиелерін тікелей қысқарту

 Инфляцияға қарсы фискалдық  саясат мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету негізінде салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқартуды жүзеге асырады.Инфляция жағдайында салық саясаты екі өзара байланысты міндеттерді шешуі тиіс:

Мемлекеттік бюджеттің теңестірілуіне қол жеткізу және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру қажет

Инфляцияға қарсы салықтық саясат жанама салық салуды қысқартуға бағытталады.

 Жанама салықтарға инфляциялық сипаты басым, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Сонымен қатар салықтардың жоғары деңгейде болуы өндіріске кері әсер етіп, ұсынымды шектейді.Үшіншіден, салық ауырпалығының көп болуы салық жүйесін күрделендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетін туындатады және мұның өзі салықтан жалтауға әкеліп соғады. Осыған сәйкес инфляция жағдайында қарапайым және тұрақты салық саясатын жүзеге асыру қажет.

 Мемлекеттік шығындарды қысқарту бюджет аясында да, мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектлерге қатысты материалдық өндіріс аясында да таратуды қажет ететін үрдіс. Бұл жерде ең бастысы : соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар жүргізу инфляцияның құрамдас бөлігі шығындар инфляциясына да қатысты болып табылады. Бюджеттік шығындардың негізгі бағыттарына олардың барлық баптары бойынша қысқартылуы жатады.

Бюджет шығындарын шектеуге мына әдістер арқылы қол жеткізуге болады :

- Тікелей әдістермен- шектеу әдісімен (рестрикциялармен)яғни заңнамалық актлер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде оларды шектеу арқылы;

- секвестрлеу әдісімен - нақты берілген төмендету көлеміне сәйкес шығындарды пропорционалды түрде төмендету

- Қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

- Мемлекеттік бюджеттің тапшылық деңгейін шектеумен

Осылардың ішінде ең күрделісі- инфляцияның екінші типін –шығындардың өсуінен туындайтын инфляция болып табылады. Оларға келесілер жатады:

- еңбек ақының төмендеуі;

- ұйымдық сипат бойынша шаруашылық механизмінің байланыстарының төмендеуіне байланысты еңбек өнімділігін төмендеуі;

- шикізат және энергетикалық ресурстар иелернің инфляциялық күтулері, осыған сәйкес олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді. Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны төмендету мәселелерді шешуді қажет етеді.Бұл мәселелерге жеке өндіріс секторындағы өндірістің құлдырауының алдын-алу, еңбек күштерінің өзара байланысын қалпына келтіру жатады.

 Инфляцияны жоюда жүйесіндегі басты элементтерге нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының, шаруашылық жүргізуші субъектлерінің экономикалық жауапкершілігі бойынша механизмін жасау болып табылады. Инфляцияға ықпал етудің негізгі түбегейлі құралына мемлекет тарапынан баға мен еңбек ақығы бақылауды күшейту болып табылады.

 

 

 


Информация о работе Аржы және инфляция