Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:02, реферат

Краткое описание

«Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.

Содержимое работы - 1 файл

экология.docx

— 28.46 Кб (Скачать файл)

 

 

 

2.2. Ақша сұранысының түрлі тұжырымдамалары. Ақша  рыногындағы  тепе-теңдіктің алатын орны

 

Ақшаға сұраныс оның айналым құралы және байлықты сақтау құралы ретіндегі  екі  функциясынан  туындайды.  Бірінші  жағдайда  сату-сатып  алу  мәмілелерін  жасау  үшін  ақшаға  сұраныс  (транзакциялық  сұраныс),  ал  екінші  жағдайда  ақшаға  түрлі  қаржылық  активтерді  алу  құралы  ретіндегі  сұраныстың  (облигация және  акция)  болуы.

Мәмілелер  жасау  үшін  қажетті  ақшаға  сұраным  қоғамның  жалпы  ақшалай  табысымен  анықталады  және  атаулы  ЖҰӨ-ге  (жалпы  ұлттық  өнімге)  тура  пропорционал  түрде  өзгереді.  Әр  түрлі  қаржылық  активтерді  алуға  керекті  ақшаға  сұраныс  дивидендтер  немесе  пайыз  түріндегі  табыс  алуға  ұмтылуымен  анықталып,  пайыздық  мөлшер  деңгейіне  кері  пропорционал  түрде  өзгереді.  Бұл  тәуелділік  ақшаға  сұраныс  қисығында  көрініс  табады  (Dm).

 

 

Ақшаға  жалпы  сұраныс  қисығы  халық  пен  фирмалардың  пайыздық  мөлшерлемелері  мүмкіндігінше  жоғары  болған  мәмілелер  және  акция  мен  облигацияларды  алғысы  келетін  жалпы  ақша  мөлшерін  көрсетеді. 

Ақшаға  сұраныстың  келесі  тұжырымдамалары  белгілі:

  1.Ақшаға  сұраныс  және  мөлшерлік  теория.

Мөлшерлік  теорияның  қазіргі  пайымдамасы  ақша  айналымының  жалдамдығы  мен  табыстың  қозғалысында  негізделген.  Ақша  мөлшері  мен  баға  деңгейі  арасындағы  тәуелділік  кембридждік  теңдеумен  көрсетіледі:

                           М = кPY

Мұндағы  М – ақшаның  номиналдық  мөлшері;

                  к – номиналдық  табыс  пен  қажетті  ақша  қалдықтары  арасындағы  пропорция;

                 Р – бағаның  абсолюттік  деңгейі;

                 Y – нақты  табыс.

Егер  к  мен  Y – тұрақты,  өзгермейтін  шамалар  болса,  ақшаның  атаулы  мөлшерінің  өзгеруі  бағаның  абсолют  деңгейінің  өзгеруіне  әкеліп  соқтырады  деп  қорытынды  жасауға  болады.

Ауыстыру  теңдеуі  немесе  Фишер  теңдеуі  келесідей  анықталады:

                            MV = PY

Мұндағы  V -  ақша  айналымының  жылдамдығы.

Теңдеудің  екі  жағын  да  V-ға  бөліп,  келесі  формуланы  аламыз:

                           M = PY / V

Бұл  теңдеу  ақшаға  сұраныстың  келесі  факторларға  тәуелділігін  көрсетеді:

          а) бағаның  абсолюттік  деңгейінен.

          ә) өндіріс  көлемінің  деңгейінен.

          б) ақша  айналымының  жылдамдығынан.

 

         2. Кейнсиандық  модельдегі  ақшаға  сұраныс.

Ақша  сұраныстың  кейнсиандық  теориясы  жоюшылықты  қалау  теориясы  деп  аталады.  Кейнсше,  адамдардың  өз  байлықтарының  жартысын  ақша  нысанында  сақтауға  үш  себеп  бар  екендігін  атады:

          а) ақшаны  төлем  құралы  ретінде  қолдануы  (ақшана  сақтаудың  транзакциялық  мотиві).

          ә) алыпсатарлық  мотив – ақшаны  сақтау  мотиві.  Ол  облигация  нысанындағы  активтерді  сақтауға  байланысты  капиталдарды  жоғалту  мәселесінің  алдын  алудан  туындайды. 

  б) болашақта  өзінің  ақшалай  қорының  белгілі  бір  бөлігін  пайдалануды  қамтамасыз  ету  үшін  (сақтық  мотиві).

Ақша  рыногы – бұл  ақшаның  «бағасы»  мен  пайыз  мөлшерінің  деңгейін  оған  деген  сұраныс  пен  ұсыныс  анықтайтын  рынок.  Әрі  бұл  ақшаға  сұраныс  пен  ұсыныстың  өзара  әрекеттесуін  қамтамасыз  ететін  институттар  желісі.

Ақша  рыногындағы  тепе-теңдік  ұсыныс  пен  сұраныс  қисықтарының  қиылысу  нүктесінде  көрініс  табады.

                     

Ақша  ұсынысын  бақылайтын  орталық  банк  атаулы  пайыздық  мөлшердің  өзгеруіне  қарамастан,  оны  тұрақталған  күйде  ұстауға  ұмтылатынын  ескермесек,  ақша  сұранысының  қисығы  тік  түзу  түрінде  болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындылай  келеақша  дегеніміз - тауар  мен  қызметтерді  алмастыру  үшін  (айырбасқолданылатын  ерекше  категория.  Экономикалық  категория  ретінде  ақшаның  мәні  олардың  қызметтерінде  көрініс  таба  отырып,  ақшаның  ішкі  негізінқұрамын  өрнектеген.  Ақша  қызметінің  әрқайсысы  тауарлардың  айналымы  үрдісінен  шығатын  әлеуметтік-экономикалық  қатынастарды  қарастырады.  Қазіргі кездегі экономикалық  әдебиеттерде  ақша  қызметінің  саны  жөнінде әр  түрлі пікірлер  барАқшаның  батыстық  теориясы  ақша  қызметінің  өте  қарапайым  және  түсінікті  үш  түрін  анықтағанқұн  өлшемі,  айналыс  құралы  және  жинақтау  құралы.  Бірақ  та  басқаларға  қарағанда  оларды  К. Маркс  жақсы  жүйеледі  және  суреттедіол  жоғарыда  аталған  үш  қызметімен  қатар екеуін  қосып барлығы қызметін  анықтадытөлем құралы  және  әлемдік ақшаОларға  жеке  тоқтап  кетер болсақ:

Ақшаның  алғашқы  және  негізгі  қызметі  болып  құндардыңбарлық  тауарлар  құнының  өлшемі  қызметі  болып  табылады,  ол  тауарлардың  балама  айырбасын  қамтамасыз  етеді.  Тауарларды  салыстыруға келтіретін  ақша  еместауарларды  өндіруге  жұмсалған,  оларды  теңестіруге  жағдай  тудыратынқоғамдық  қажетті  адам  еңбегі  есептеледі.  Тауарлардың  барлығы  да  қажетті  еңбектің  өнімдері  болып  табылады,  сондықтан  меншікті  құны  тән  нақты  ақша,  олардың  құн  өлшемі  бола  алады.

Ақшаның  айналыс  құралы бұл тауарлар  мен қызметтерді сатып алуға,  сондай-ақ  борышты төлеуге пайдаланылатын  ақшаАйналыс құралы  ретінде ақша  атқарымының айрықшылық  белгісі ретінде тауар мен ақшаның бір мезгілдегі  қарама-қарсы қозғалысы ретінде айқындауоны мінсіз  ақша  емесқолдағы бар ақша  орындайды,  өйткені мұндай  атқарымды тауарды айырбастаған  кезде өткінші делдал  ретінде білінедіонда  оны толық бағалы  нақты ақша  орындайды,  ал  олардың орнын басушылар қағаз және  кредит  ақшалар.

Ақшаны  жинақтаудың  қажеттілігі  Т-А-Т  айналымының  екі  құндық  актіге  Т-А  және  А-Т  бөлінуімен  байланысты.  Бірінші  актіде  тауар  сатылады  және  ақшаға  айналады,  бұл  жағдайда  өз  қажеттіліктерін қанағаттандырудан  жиі  бас  тартуға  тура  келеді.  Алтын  адамдардың  көз  жауын  аладысондықтан  оны  жинақтау  мен  сақтауға  ұмтылады,  өйткені  бұл  қор  кез  келген  тауарды  сатып  алуға  немесе  кез  келген  қызметті  алуғаяғни  кез  келген  уақытта  өзінің  барлық  қажеттіліктерін қанағаттандыруға  мүмкіндік бередіБұл жағдайда  ақша  жинақ құралы  қызметін  атқарады.

Информация о работе Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі