Банктік қадағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 22:29, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда банк жүйесі екi деңгейлi жүйеде қалыптасқан. Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы зор, сондықтан да банк жүйесін мемлекеттік органдар тарапынан қадағалау олардың қызметтерін реттеуді қажет етеді. Себебі банкілік қызмет белгілі бір тәуекелге барумен тығыз байланысты. Банк әр түрлі операцияларды тәуекелге бара отырып іске асырады, банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша-қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне, салымшылары мен қарыз берушілеріне дивиденттер төлеп отырғандықтан, банк қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі мүдделері тоғысады.

Содержание работы

Кіріспе
1. Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Банк қызметтерін қаржылық қадағалаудың мәні, құрылымы
1.2 Банктік қадағалау әдістері

2. Банктік қадағалау және банк қызметтерін реттеу
2.1 Қазақстан Республикасында банктік қызметті қаржылық қадағалаудың құқықтық негіздері
2.2 Қаржылық қадағалаудың экономикалық нормативтері және олардың маңызы
2.3 Банк қызметтерін пруденциялдық реттеу
3. Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру жолдары .

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 78

Содержимое работы - 1 файл

Курсовая работа Банковский надзор.docx

— 119.47 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының қаржы  рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк  реттеу және қадағалау туралы заңдары  ҚР Конституциясына  негiзделедi, осы Заңнан және ҚР өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

 

Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу

Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары:




  • қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету  және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;
  • қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету;
  • қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау.



 

                  


 

 


Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың принциптерi:




  • ресурстар мен реттеу құралдарын тиiмдi пайдалану;
  • қаржылық ұйымдар мен қаржылық қадағалау қызметiнiң айқындығы;
  • жаңа қаржы құралдарын және қызмет көрсетудi дамытуды қолдау арқылы қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың кешендiлiгі;
  • тәуекелдердi бағалауға негiзделген қаржылық ұйымдарды басқаруды            ынталандыру;
  • қаржы рыногына қазiргi заманғы технологияны енгiзу;
  • қаржылық ұйым органдарының жауапкершiлiгi



 

 

 

 


 

 

 


 

 

  • қаржылық ұйымдар қызметiнiң  стандарттарын белгiлеу, қаржылық ұйымдарды  корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын  жасау;
  • қаржы жүйесiндегi тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi;
  • қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
  • қазiргi заманғы технологияларды енгiзудi ынталандыру



 

 

Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және    қадағалаудың мiндеттерi:




 


 

 

 

      

 

 

 

 

 

Уәкiлеттi орган банк қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

  • жеке және заңды тұлғалардың банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуына, банктердiң еншiлес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту тәртiбiн айқындайды, аталған рұқсаттарды бередi не беруден бас тартады;
  • банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
  • банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөнiндегi талаптарды белгiлейдi;
  • банктiк топтар үшiн пруденциялдық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi; активтердi және

шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру

      тәртiбiн белгiлейдi.

  • активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртiбiн мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды;
  • банктердiң және банктерге аудит жүргiзуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың тiзiмiн жүргiзедi;
  • банктiң аффилиирленген тұлғаларына ҚР заң актiлерiнде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану туралы шешiм қабылдайды;
  • ҚР банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды;
  • ҚР банк заңдарында белгiленген жағдайларда ҚР банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiкт тағайындайды;

 

Қаржылық ұйымдарының қызметiн  реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi

Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу және қадағалау мақсатында:

  • ҚР заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдарды ашуға оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады, қаржылық ұйымдардың бөлiмшелерiн ашуға келiсiм бередi, сондай-ақ аталған рұқсаттар мен келiсiмдердi беру тәртiбiн айқындайды;
  • ҚР заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға  келiсiм бередi не келiсiм беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келiсiмдi берудiң не беруден бас тартудың тәртiбiн айқындайды;
  • ҚР заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы рыногында кәсiби қызметтi, қаржылық ұйымдардың аудитiн жүзеге асыруға лицензиялар беру, қолданылуын тоқтату және керi қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi, аталған лицензияларды бередi, қолданылуын тоқтатады және керi қайтарып алады;
  • қаржылық ұйымдар, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн ҚР аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
  • қаржылық ұйымдар үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
  • қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары есептілігінің (қаржылық және статистикалық есептiлiктi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейді;
  • ҚР заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру және бухгалтерлiк есеп стандарттары туралы заңдарын қаржылық ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;  
          - ҚР заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және шектерде, оның iшiнде аудиторлық ұйымды тарту арқылы қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметiн тексередi, тексеру жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды; 
          2. Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдарға және олардың аффилиирленген тұлғаларына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды тарта отырып:

- қаржылық ұйымдар мен олардың  аффилиирленген тұлғаларының қаржылық  жай-күйiн айқындау;

- қаржылық ұйымдармен олардың  аффилиирленген тұлғаларының басқарма

құрылымының және шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң ҚР заңдарына

сәйкестiгiн айқындау;

- қаржылық ұйымдардың аффилиирленген тұлғаларын айқындау;

- қаржылқ қызмет көрсетудi тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау

және оның алдын алу;

- қаржылық қызмет көрсету немесе  қаржы құралдарын шығару жөнiндегi

уәкiлеттiк берiлмеген қызметтi анықтау және оның алдын алу мақсатында

инспекциялау (тексеру) жүргiзуге құқылы.      

 Уәкiлеттi орган банк қызметiн  реттеудi және қадағалауды жүзеге  асыру мақсатында:

  • жеке және заңды тұлғалардың банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуына, банктердiң еншiлес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту тәртiбiн айқындайды, аталған рұқсаттарды бередi не беруден бас тартады;
  • банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
  • банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөнiндегi талаптарды белгiлейдi;
  • банктiк топтар үшiн пруденциялдық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
  • салымдарға (депозиттерге) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) тәртiбiн белгiлейдi;
  • активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртiбiн белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртiбiн мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды;
  • банктердiң және банктерге аудит жүргiзуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың тiзiмiн жүргiзедi;
  • банктiң аффилиирленген тұлғаларына ҚР заң актiлерiнде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану туралы шешiм қабылдайды;
  • ҚР банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды;
  • ҚР банк заңдарында белгiленген жағдайларда ҚР банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша үкiмдi) тағайындайды;

ҚР заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

2.2    Қаржылық қадағалаудың экономикалық нормативтері

және  олардың маңызы

 

Банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне,

салымшылары мен қарыз берушілеріне   дивиденттер  төлеп отырғандықтан, банк қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі  мүдделері тоғысады. Банк қызметінде осы жағдайлардың бәрін қадағалауды  қажет етеді.

Қаржылық қадағалаудың негізгі  мақсаты банк клиенттерін әр түрлі  тәуекелден құтқару, салымшылардың  салымдарын қорғау және банк салымдарын қорғау үшін құрылған сақтандыру қорлары  мен үкіметтің жеке қорларын жойылудан  қорғау, сондай-ақ мемлекеттің ақша несие саясятын жүргізуіне және экономиканың дамуына қолдау жасау. Сонымен қатар  банктік қадағалаудың міндеті халықтың, мемлекеттің, клиенттер мен банк құрылтайшылырының мүддесі үшін  банк қызметіндегі заңдар мен ережелердің  сақталуын қамтамасыз ету, ҚР банк жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын  жетілдіру, дамыту болып табылады.

Республикада  банкілерді қадағалау ҚР банктік  және басқа да заң нормаларымен реттеледі.

Қадағалау және реттеу саясатын әзiрлеуде Уәкiлетті орган басшылыққа алатын негiзгі қағидаттар:

реттеудiң  жоғары стандарттары, сондай-ақ шектен шықпайтын ретке келтiру, инвесторлардың мүдделерiн қорғау мен қаржы рыногын  дамытуға жәрдемдесу арасындағы рационалдық  теңгерiммен келiсiлген және ашық реттеуiш  режим.

Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау  жөнiндегi Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге, орталық  аумағында инкорпорацияланған қаржы  ұйымдардың қызметін реттеу және қадағалауға  бағытталған жекелеген нормалар мен ережелер енгізiлетiн болады. Аталған нормалардың мәнi, орталықтың қаржы ұйымдарын қаржы қызметтерi рыногына қол жеткiзуге шектеу келтiретін кез келген әрекеттер саласынан шығару, яғни қаржы ұйымдарына қатынасты шектеулер тек пруденциалдық сипатымен қорытындыланады. Аталған нормалар мынадай халықаралық қағидаттарға, Банктiк қадағалаудың түйiндi қағидаттары және Базель комитетiнiң басқа ұсыныстары, Халықаралық бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi комиссиясы ұйымының қағидаттары (IOSСО), сақтандырулық қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығының сақтандыру қадағалауы негiзгi қағидаттары (LАIS), Қаржы есептiлiктiң халықаралық стандарттары, FATF 40+8 қағидаттарына толық сәйкес келетiн болады. 
      Орталықтың қаржы ұйымдарының қызметiн реттеуге бағытталған заңнамалық кесiмдердiң нормалары мен ережелерi, үздiк халықаралық тәжiрибеге уақтылы сәйкес келтiру мақсатында және реттеу саясатының өзгермелi қажеттiлігін көрсету саласын кезеңмен қайта қарау болады.

Қазіргі таңда ТМД елдерінің  ішіндегі Қазақстанның банк жүйесінің  мәртебесі жоғары, сондықтан қазақстанның қаржы мамандары бір орында қалып  отырғысы келмейді. Көрші елдер Базель I-ге өтуді жоспарлап жүргенде, қазақстандық қаржы мамандары Банктік қадағалау  жөніндегі Базель комитетінің жаңа келісімін  Базель II-ге өтуді қарастырып отыр.   
           Базель I келісімі 1988 жылы қабылданған, оның маңыздылығы тәуекел есебімен капиталдың активтерге қатынасында. Ә р түрлі актив категориялары үлкен коэффиценттерге көбейтіледі (0%, 10%, 20%, 50%, 100%). Мысалы  Базель I-ге  байланысты  дамушы елдердің 1- жылға дейін мерзімімен алынған банктің несиесіне 20% коэффицент қолданса, ал дамыған елдің корпорация несисіне 100% қолданады.

Базель II келісімінің 1-ші версиясы 1999 жылы жарияланды, және әлі де осы  күнге дейін дамып келеді. Бұл  келісім проекті капитал жеткіліктіліктің реттеудегі бірін-бірі қоштайтын 3 бағытын  қарастырады.

  1. Жеткіліктілік коэффицентін есептеудің жаңа методикасы. Капиталдың жеткіліктілігі коэффиценттер көмегімен анықталады, банктік нарық пен операциялық тәуекелдерін, заемшының несие тәуекелін ескере отырып. Бұл жаңа тәсіл  тәуекелдерді білдіртпей дифференциалау мүмкіндігін бере отырып, келісімнің ортақ элементі болып табылады.
  2. Капитал жеткіліктілігін қадағалау арқылы барабарлықтың нәтижелі бақылауы мен банктердің  ішкі тәсілдерінің жұмыс істеуін жорамалдауға мүмкіндік береді.
  3. Нарық дисциплинасы, яғни банк капиталының құрылымы мен барған тәуекелдер жайлы толық мағлұматтың анықтылығы, және осыларды негізге ала отырып клиент, банк және эксперттер капиталдың жеткіліктілігі жайлы өз сындарын бере алуы әбден мүмкін.    

БазельII-нің БазельI-ден айырмашылығы оның келісім ретінде құрылуында, нақты тәуекелдерге байланысты капиталдың жеткіліктілік коэффиценттерінің  максималды дифференциалауға бағытталған. Сондықтан да жаңа келісім шарттардың ең концептуалдысы ол тәуекелдердің ықпалын анықтау үшін сыртқы агенттіктердің несие рейтингтерін қолдануы, және осының көмегі арқылы капиталдың жеткіліктілік коэффиценттерінің қорытындысының есептелуі. Тәуелсіз агенттіктер меншігіндегі заемшылардың несие рейтингтері, банктерге әр заемшының тәуекелдері мен банктің тәуекелдерді басқару принциптерін қадағалау органдарының бірыңғай ұғынудың арқасында тәуекелдерді икемді басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді. Сондықтан банктердің ішкі рейтингтік әдістері банктік   тәуекелдерді басқарудың осындай дәрежедегі тұнықтығын қарағалауды қамтамасыз етпейді, бұл әдістерді қолдану құқығы, жорамалдап айтқанда әлемнің жүз ірі әрі сенімді банктеріне беріледі.

Информация о работе Банктік қадағалау