Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 11:46, курсовая работа

Краткое описание

Құқықтық мемлекетті құра отырып және ұлттық қауіпсіздікті нығайта отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде жоғарыда аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық конвенцияларға қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексіне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар қосылған. Өйткені Қазақстан Республикасына терроризм, діни экстремизм мәселесі жат емес. Әлемде кең тараған «Хизб-ут-Таһир» ұйымының құлаш жайып, мақсаты ислам халифатын құрып, Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгерту болып табылатын бұл қауіпті ұйымның қолдаушылары өкінішке орай аз емес.

Содержание работы

І Кіріспе....................................................................................................................3
1. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.............................................................................................................5
ІІ Негізгі бөлім
2. БЕЙБІТШІЛІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР....................................................10
2.1. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жургізу.10
ІІІ СОҒЫС ҚЫЛМЫСТАРЫ...............................................................................15
3.1. Соғыс жүргізудің тыйым салынган күралдары мен әдістерін қолдану....15
Жалдамалылық ...........................................................................................17
3.3. Геноцид ...........................................................................................................19
3.4. Экоцид.............................................................................................................21
4. ӘЛЕУМЕТТІК, НӘСІЛДІК, ҰЛТТЫҚ, ДІНИ, ТЕКТІК-ТОПТЫҚ
ЖӘНЕ РУЛЫҚ АСТАМШЫЛДЫҚТЫ НАСИХАТТАУҒА НЕМЕСЕ ҮГІТТЕУГЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
ПРИНЦИПКЕ ҚОЛ СҰҒУ....................................................................................23
4.1. Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру....23
ІІІ Қорытынды.......................................................................................................25
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................27

Содержимое работы - 1 файл

Бейбітшілік.doc

— 139.00 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР 

І Кіріспе....................................................................................................................3

1. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.............................................................................................................5

ІІ Негізгі бөлім

2. БЕЙБІТШІЛІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР....................................................10

2.1. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жургізу.10

ІІІ СОҒЫС ҚЫЛМЫСТАРЫ...............................................................................15

3.1. Соғыс жүргізудің тыйым салынган күралдары мен әдістерін қолдану....15

    1. Жалдамалылық ...........................................................................................17

3.3. Геноцид ...........................................................................................................19

3.4. Экоцид.............................................................................................................21

4. ӘЛЕУМЕТТІК, НӘСІЛДІК, ҰЛТТЫҚ, ДІНИ, ТЕКТІК-ТОПТЫҚ

ЖӘНЕ  РУЛЫҚ АСТАМШЫЛДЫҚТЫ НАСИХАТТАУҒА НЕМЕСЕ ҮГІТТЕУГЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ

ПРИНЦИПКЕ ҚОЛ СҰҒУ....................................................................................23

4.1. Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру....23

ІІІ Қорытынды.......................................................................................................25

IV Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................27 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     КІРІСПЕ 

     Берілген  курстық жұмыс қазіргі таңдағы  ең актуальді және маңызды ғаламдық проблемалардың бірі – бейбітшілік  пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы  қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік  пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік, этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс, геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады. Соңғы кезде қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық табылады. Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.

     Құқықтық  мемлекетті құра отырып және ұлттық қауіпсіздікті  нығайта отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде жоғарыда аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық конвенцияларға қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексіне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар қосылған. Өйткені Қазақстан Республикасына терроризм, діни экстремизм мәселесі жат емес. Әлемде кең тараған «Хизб-ут-Таһир» ұйымының құлаш жайып, мақсаты ислам халифатын құрып, Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгерту болып табылатын бұл қауіпті ұйымның қолдаушылары өкінішке орай аз емес. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты «Хизб-ут-таһир», «Өзбек-Ислам халифаты» сияқты барлығы бес террористік, экстремистік ұйымның ел аумағында қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарылған болатын .

     Осыған  орай берілген курстық жұмыстың негізгі  мақсаты келесілер болып табылады:

     · бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру;

     · бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жекелеген түрлерін ашып көрсету;

     Осы мақсаттарды орындау үшін курстық  жұмыс келесі міндеттерді шешеді:

     · бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын, субъектісі мен субъективтік жағын ашып көрсету;

     · бейбітшілікке қарсы, соғыс қылмыстары, адамзатқа қарсы, халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар деп жіктеп, әр қайсысына жеке жеке тоқталу.

     Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

     Жұмыстың  бірінші тарауы «Бейбітшілік пен  адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы» деп аталып, онда аталған қылмыстардың мәні ашылып, толық сипаттама берілген, халықаралық  құқықтық нормалардағы алатын орны бейнеленген. Екінші тарау «Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлеріне» арналған. Қылмыстардың әр түрлері ашылып көрсетіліп, мән-мағынасы ашылған, субъектісі мен субъективтік жағы бейнеленген. Соңғы қорытынды бөлімде, осы жұмыстың барлық өзекті мәселелері түйінделіп, жинақталған, Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары көрсетілген. 
 
 
 
 

  1. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ

    ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ 

     Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің 2-бабында  қылмыс-тық құқык корғау объектілерінің катарына тұңғыш рет бейбіт-шілік  пен адамзаттын, қауіпсіздігі мүдцесі  қосылып отыр. Осыған орай Қылмыстык  кодекстің Ерекше бөлімінде бейбітшілік  пен адамзаттың кауіпсіздігіне карсы қылмыстарға жеке тарау беріл-ген. Мұндай қылмыстар халыкаралық қылмыстарға жатады. Мұндай қылмыстар үшін жауаптылықтың негізгі қайнар көзі Халықаралық әскери трибунал Жарғысы (Нюрнберг, 1948) бо-лып табылады. Осы Жарғыда бейбітшілік пен адамзаттың кауіпсіздігіне карсы қылмыстардың жауаптылығыиың негіздері және олардын түрлері:

     1) бейбітшілікке қарсы кылмыстар;

      2) соғыс қылмыстары;

     3) адамзатқа қарсы кылмыстар нақты көрсетілген.

     Халықаралық Конвенция 1948 жылы геноцидті, 1974 жылы апартеидті халықаралық кылмыстар деп жариялады. БҮҮ-нын 1991 жылғы 43 сессиясы бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыстар Кодексінің жобасын қарап, оны мемлекеттердің үкіметі-нің қарауына, пысықтауына жіберді. Осы көрсетілген Кодекс жобасына сәйкес бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы кылмыстардың 12 құрамы көрсетілген.

     Халықаралык нормада осы түрғыдағы қылмыстарға нақты тұрақты анықтамалар беру мен оларды топқа белу әлі аяқталған жоқ, мұның өзі мемлекеттердің үлттық кылмыстық кодексін кабылдауда осы мәселеде белгілі бір қиындықтар туғызып отыр. Бірақта Қазақстан Республикасынын жаңа Қылмыстық кодексінін 4-тарауында халықаралык күқыктың жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген.

     Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне кдрсы қылмыстардың топтық объектісі халықаралык құқық нормаларымен белгіленген Жалпыға бірдей бейбітшілік пен халыкдралық қауіпсіздік болып табылады. Осы қылмыстардың кейбір құрамдарының міндетті белгісі қылмыстың заты (Мысалы, ҚК-тің 158-бабындағы — химиялык, биологиялық және жаппай қырып-жоятын қарулар)болады.

     Объективтік жағынан осы топқа жататын  қылмыстар коғам-ғақауіпті іс-әрекеттер  арқылы жүзеге асырылады.

     Бейбітшілік пен адамзаттың кдуіпсіздігіне қарсы  қылмыстар дені формаль-дык қүрамға жатады. Тек қана Қылмыстык кодекстің 161-бабын-дағы қылмыс — экоцид құрамы үшін коғамға кауіпті зардап — экологиялыкапаттыңболуы кажет. Субъективтік жағынан осы тараудағы барлық кылмыстар тікелей қасақаналықпен, ал қайсыбір құрамдар белгілі бір мақсатпен (160, 163-баптар) жаса-лады.

     Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған есі дүрыс, жай адамдар. Кейбір қылмыс құрамының субъектісі — арнаулы субъект мемлекеттік жауапты кызмет аткаратын адам (157-баптың 2-тармағы), кызмет бабын пайдаланған адам (164-баптын 2-тармағы). Тікелей объектісіне байланысты талданып отырылған қылмыс құрамдары мына төмендегідей топтарға бөлінеді.

     Бейбітшілікке қарсы кылмыстар: Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап). Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде иіақыру (157-бап). Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап).

     Соғыс қылмыстары: Соғыс жүргізудіңтыйым салынған құрал-дары мен әдістерін қолдану (159-бап). Жалдамалылық(162-бап).

     Адамзатқа қарсы қылмыстар: Геноцид (160-бап). Экоцид (161-бап).

     Бейбітшілікке қарсы қылмыстарға басқыншылық  соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру  немесе жүргізу, басқыншылық соғысты  тұтандыруға насихат жүргізу  және жария түрде шақыру, жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату. Басқаншылық немесе агрессия (латыннан аударғанда «шабуыл жасау»)  халықаралық құқық көзқарасы бойынша бір мемлкеттің екіншісіне қарсы заңсыз күш қолдануы, әсіресе, басқа мемлкетке оның аумағын тартып алу, тәуелсіздігін жою, саяси және қоғамдық құрылысын өзгерту мақсатында әскери шабуыл жасау.

     ҚК 156 б 1 б көзделген қылмыстың объективтік  жағы 3 балама қоғамға қауіпті әрекеттерден тұрады:

     1. басқыншылық соғысты жоспарлау,  басқыншылық соғысқа дайындалу,  басқыншылық соғысты тұтандыру

     ҚК 156 б 2 б осы қылмыстың сараланған құрамы басқыншылық соғысты жүргізу үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындайды. Сонымен қатар басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру үшін қылмыстық жауапкершілік ҚК 157 б 1 б көрсетілген. Бұл қылмыстық сараланған белгісі деп бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған немесе мемлкеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған әрекет танылады. ҚК 158 б. көзделген қылмыстың заты химиялық, биологиялық және ҚР-ның халықаралық шартымен тиым салынған жаппай қырып-жою қаруы табылады. Қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағы:  а) жаппай қырып-жою қаруын өндіру, яғни кез-келген тәсілмен дайындау (қолдан, лаборанториялық жолмен заводта дайындау); б) жаппай қырып-жою қаруын табу (сатып алу, айырбастау, сыйға алу, ұрлау);  в) жаппай қырып-жою қаруын өткізу, яғни қылмыс затын қайтарымды немесе қайтарымсыз өзінің иелігінен басқаға беру, сату, айырбастау, сыйлау т. б.

     Келесі  қылмыс құрамы соғыс жүргізудің тиым салынған құралдары мен әдістерін  қолдану (ҚК 159 б). Әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұрғындарға қатал қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшіру, басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау, ҚР-ның халықаралық шартымен тиым салынған құралдар мен әдістерді әскери жанжалда қолдану қол сұғушылықтың объективтік жағын құрайды. ҚР-ның халықырылық шартымен тиым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану ҚР ҚК 159 б 2б бойынша сараланады.

     Адамзатқа қарсы қылмыстар тобын геноцид (ҚК 160 б) және экоцид (ҚК 161 б) құрайды. Геноцидтің қоғамға қауіптілігі оны құрайтын қылмыстық әрекетті жасаунәтижесінде белгілі бір ұлттық, этникалық, нәсілдік және діни топтың адамдары толық немесе ішінара құртылады немесе құртылып кетуі мүмкін  қаупінде. Бұл қылмыстың құрамы Нюрнберг және Токио әскери трибуналдарының жарлығы мен 1948 жылғы геноцид қылмысын алдын-алу және ол үшін жазалау жөніндегі Конвенциясы негізінде қалыптасқан.

     Аталған топтардың мүшелерін өлтіру, олардың  денсаулығына ауыр зардап келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды  мәжбүрлеп бреуге беру осы топ мүшелерін қырып-жоюға бағытталған басқа да тіршілік жағдайларын туғызу. Субъективтік жағы тікелей қасақаналық және ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың толық немесе ішінара жойылуын көздейтін арнайы мақсаттан тұрады. Аталған мақсатты анықтау геноцидті соғыс жүргізудің тиым салынған құрамдары мен әдістерін қолданудың кейбір нысандары және кейбір жалпы қылмыстардан (кісі өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру) ажыратуға мүмкіндік береді.

     Экоцид (ҚР ҚК 161 б) адамның өзінің өмір сүруі, қоршаған ортаға қайтарымсыз зиян келтіретін адамның табиғат ортасына қылмыстық әсері. Бұл қылмыстың заты- өсімдік және жануарлар әлемі, ауа, жер, су ресурстары.

     Халықаралық қылмыстардың объективтік жағы заңда  көзделген нысандар:

     а) өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай жою

     б) ауа, жер,  су ресурстарын улау

     в) экологиялық апат туғызатын әрі  туғызу қаупі бар өз ге де әрекеттер  және көрсетілген әрекеттер мен  зардаптар арасындағы себептік байланыс.

     Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы  өзге де қылмыстар: жалдамалылық (ҚК 162 б); халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК 163 б); әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздықты қоздыру (ҚК 164 б).

Информация о работе Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру